Главная » Доска объявлений (126) |
А-Ә [46] | Б-В [6] | Г-Ғ [2] |
Д-Е [8] | Ж-З [12] | И-К-Қ [17] |
Л-М-Н [5] | О-Ө-П [1] | Р-С-Т [17] |
У-Ү-Ұ [2] | Ф-Х-Ш [8] | Ы-І [2] |
Төніп тұрса төбемде күн,
Демің бе деп елеңдедім.
Қою түндей қара көздің,
Мұң шықтарын сен емдедің.
Бәлкім, сен де ойлайсың ба?
Тұнық сырға бойлайсың ба?
Айдан жолдап сәлеміңді,
Бір серпілтіп қоймайсың ба?
Қайырмасы:
Тыныштық бер жүрегіме,
Құлақ аспа тілегіме.
Сезім шоқты тығып қойғам,
Жұмыр жердің жүрегіне.
Күліп келем, күлкім емес,
Тек әйтеуір сылқым елес.
Сені ойдан арылтпақпын,
Бірақ, әттең, мүмкін емес…
Ару айдың қанатынан,
Тұман мұңдар таратылған.
Сәулем менің қайда жүрсің,
Қарша бұлттан жаратылған?
Самал желмен тербейсің бе?
Ыстық күнмен емдейсің бе?
Сені іздеумен тұншығамын,
Желге мініп келмейсің бе?
Өтті күндер жыракта
Жауап таппай сұраққа
Келем десем
Күтер ме екен аруым
Гул жайнаган көктемде
Бірге шықсам көк белге
Ерке назың бітер ме екен аруым
Қайырмасы:
Аяулы салған әнім
Амалым бар ма жаным
Арман боп қалған әнім
Тамшы тамған жас талдан
Айлы түнде басталған
Би кешінде бір кеткенбіз аруым
Жауқазындай жасқанған
Үзіндідей дастаннан
Даладағы гүл көктемі аруым
Read more...
Алдасаң да, арбасаң да
Қолдасаң да, қорғасаң да
Тым болмаса бір көрінші
Ақ періштем анда-санда
Сендей кімді ұнатайын
Тыңдағанды жылатайын
Тым болмаса бір көрінші
Жүрегімді жұбатайын
Таңғы елес, таңғы елес
Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес
Таңғы елес, таңғы елес
Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес
Жас едім өмірге еркін бойламаған
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсем
Дағы қанат қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда маған
Шарықтап кетсем
Дағы қанат қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда маған
Жан әке, шертіп сезіп
Домбырасын
Кеудемді қуанышқа толтырасың
Арманның асқарына құлаш ұрсам
Алдымда асқар тау боп
Сен тұрасың
Арманның асқарына құлаш ұрсам
Алдымда асқар тау боп
Сен тұрасың
Бұл күнде мен де
Өзеннің арнасымын
Кім мөлдір болса
соның жолдасымын
Қуан сен, қуана бер, әкетайым
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
Қуан сен, қуана бер, әкетайым
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
Балғын-дәурен, балауса кезің қандай
Гүл бағында балқиды сезім балдай
Құрбым осы бақытты сезіне алмай
Кейін алып жүрмейік кезіге алмай
Қайырмасы:
Жүрегімде махаббат ән тербетер
Бағалайық бақытты жан тербетер
Мұңға батып қалмасын көңіл бекер
Оралмайды жан-құрбым - өмір өтер
Ешкім бізге аяулым бал ашпайды
Қалауына жүректің таласпайды
Жүрек үнін тыңдаған адаспайды
Ешкімге де жалғыздық жараспайды
Арманның мекені, алыстап кетеді
Жастығың өтеді қас-қағымда
Бағың бір таймасын, көңілің сайрасын
Өмірің жайнасын жас шағыңда