Главная » Доска объявлений » И-К-Қ |
В категории объявлений: 17 Показано объявлений: 1-10 |
Страницы: 1 2 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Асыл текті туған,
Алаш кегін қуған.
Ерлерім ел үшін,
Белін бекем буған.
Ақ білек күшімен.
Ақ найза ұшымен,
Қорғаған бабамның,
Үлгі алып ісінен.
Қайырмасы:
Алға, алға, алға қазақ жігіттері,
Сенім артқан жансын халық үміттері.
Көк аспанда желбіресін көк байрағың,
Жаса мәңгі, қазағымның жігіттері.
Жігіттер, жігіттер,
Биікке өрлеңдер.
Ел үшін, жер үшін,
Намысты бермеңдер.
Нардың күші дарып,
Жүрек дүрсіл қағып.
Жетіңдер жеңіске,
Шаршы топты жарып
Тірілер жүрген жердегі
Зарымды тыңда мендегі
Басталды есеп көрдегі
Тығырыққа қойды әке
Көлкеннің бәрі дос емес
Тірі жүргенің бос елес
Әріде бірақ кеш емес
Намаз оқышы әке
Қайырмасы:
Қабірдің іші қараңғы қорқыныш басты санамды
Ұсынып жақсы жаманды еркіне беріп ғаламды
Сынап көру үшін бір алла жаратқан екен адамды
Ұсынып жақсы жаманды еркіне беріп ғаламды
Сынап көру үшін бір алла жаратқан екен адамды
Алдамшы қысқа жалғанда
Нәпсіге еріп алданба
Оо дүниеге барғанда олшылық пайда бермес
Мойын сұнбасаң әмірге
Күтеді азап қабірде
Тіріңде бас іи таңірге
Мүмкіндік қайта келмес
«Қара жорға» болмаса,
Бидің сәні келе ме?
Бүрмелі көйлек кимесе,
Қыздың сәні келе ме?
Қозсын барлық делебе,
Қан тарасын денеге.
Қара жорға болмаса,
Тойдың сәні келе ме?
«Қара жорға» - «Сал күрең»
Тарихын біл алдымен.
Бабалардан жалғасқан,
Тағылымы бар білем.
Жорғалаған күй майда,
Бұған жетер би қайда?
Ойнаңыздар жамағат,
Билеңіздер мұндайда.
Биле, биле жігіттер,
Жанып тұрған үміттер.
Шыққанынша тоқтама,
Маңдайыңнан тұнық тер.
Биле қыздар бұралып,
Сауық-сайран құралық.
Сұлулардың көркіне,
Тамсанып біз тұралық.
Ал жігіттер қыраным,
Алашқа айтар ұраным.
Сендерсіңдер қорғаны,
Мынау байтақ мұраның.
Көк байрағым желбіреп,
Қуантыңдар елді тек.
Шашу шашсын әжелер,
Жүректері елжіреп.
Ғашық жандар тіл қатып,
Жүректерін жырлатып.
Қыз бен жігіт қосылып,
Билеу деген бір бақыт
Биле, биле, сұлуым,
Қандай ғажап күлуің.
Сыртылдасын саусағың,
Былқылдасын буының.
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып
Зымырайды менің бала кезімдей
Бір жалт етіп өте шыққан сезімдей
Құстар, құстар сызылтып ән салады
Сол әнімен тербетеді даланы
Ал, адамдар күліп бастап өмірін
Кетерінде жылай да алмай қалады
Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе?
Тамаша әнмен келіп еді көктемде
Өскен жерге сыймай кетіп барады
Өскен жерін қимай кетіп барады
Алдыңа ақ кілем жайган шіркін ай асау арман
Бүр күні біздер іздерміз бақытты төгіп алган
Сезімдер арпалысынан таппайсын кінәліні
Шөл еркеп су іздегенде сен едің бұлақ үні
Шөл еркеп су іздегенде сен едің бұлақ үні
Қайырмасы:
Күзгі дауыл соғады сұрамайды
Бұл қоштасу мағанда ұнамайды
Түнде уйқысыз етермін шырағайлы
Күзгі дауыл бір соғады соғады сұрамайды
Күзгі дауыл бір соғады соғады сұрамайды
Енді қалай ұмытайын ес талған жұпарыңды
Жұтпасын бұда білмеймін білмеймін жұтарымды
Мақпалын әр тал шашыңның алтынға бағаладым
Жүректі жолып ұстанып қал дедім қаламадың
Жүректі жолып ұстанып қал дедім қаламадың
Біз екеуміз кездескенде
Бақытыңа баладың ба
Менен ұзап сен кеткенде
Жасым қалды жанарымда
Қайырмасы:
Арман алдан шақырады
Кездесерміз мүмкін әлі
Сенсіз өмір өтіп жатыр
Айтшы жаным кім кінәлі?
Жұлдыз көктем құбылатын
Өтті түндер үнсіз жанып
Қол ұстасып қыдыратын
Сол бір күндер қайда жаным
Қайран күндер кешегі
Сайран күндер кешегі
Көрген түстей көңілден
Қалайша көшеді
Бақытымы балаған
Жар ылайық санаған
Жан серігім жалғанда
Сен едің қалаған
Қайырмасы:
Қия алмадым, қимадым
Қинадың-ау, қинадың
Гүл орнына қайтейін
Саған мен мұң сыйладым
Қарай бердің қиыла-ай
Қоштасудың қиыны-ай
Саған ғана жан сырым
Айтушы едім, бал-шырын
Бірге кешкен күндер-ай
Мөп-мөлдір таң-шығы
Шығар ма екен бәрі естен
Жылап жатыр жүрегім
Нәп-нәзік нәрестем
Ұя салған таңдайға
Біз айтатын ән қайда?
Амал бар ма тағдырға
Жазылған маңдайға
Ақ тілеулі арманға
Сенен асқан жан бар ма?
Жаралайды жанымды
Көзден жас тамғанда
Айдан әсем, күннен көркем, жұлдызға да тең де сен
Қылығыңмен жүректегі сезім көлін тербесең
Жаныма кеп жадырайсың махабатқа сенбесең
Құстай ұшып жетер ем егер жаным «кел» десең
Сұлу көрсем, арман ару, нұрға толады айналам
Қайда жүрсем жан сәулем өзіңді әр кез ойға алам
Сұлулардың ортасында сен – қызғалдақ жайнаған
Саған деген көңілім сандуғаштай сайраған
Қайырмасы:
Кел, жаным, кел десем
Махаббатқа шөлдесең
Айға да іздеп жетер ем
Жаным өзің «кел» десең
Кел, жаным, «кел» десем
«Көңіл көктем – сен» десем
Шарықтаймын, шаттанам
Жанымды сен тербесең
Тау гүліндей тұнық сезім, арманым ақ шағала
Саған деген пәк сезімді, ақ сезімді бағала
Менің жаным толқын болып асыққандай жағаға
Сағынбасам өзіңді жүрегім ән сала ма?
Сыңар әуен қалықтайды көңіл көгінде
Шабытымыз шарықтайды сахна төрінде
Нұрға толы алып далам бөленгенінде
Ән тыңдаудан жалықпаған көрерменіме
Қайырмасы:
Шаттанайық бақ табайық шуақтанып жанымыз
Күн береді нұр береді әрбір атқан таңымыз
Алып ұшып сағынысып жолығамыз әлі біз
Кездесуге кел, жүздесуге кел
Шаттанайық бақ табайық шуақтанып жанымыз
Күн береді нұр береді әрбір атқан таңымыз
Алып ұшып сағынысып жолығамыз әлі біз
Кездесуге кел, жүздесуге кел
Музартшылға өрлетеді тәтті тілекті
Каспий болып тербетеді аққу жүректі
Жастық дәурен шағымыздан бір сәт тынбайтын
Әлі талай әніміз бар сіздер тыңдайтын
Қарағым-ай қанбаймын қылығыңа
Ғашық еттің еріксіз жылуңа
Қос жанарың байланып қалдым екен
Толқыған бұрымыңа
Амалсыздан шөлдедім шырыныңа
Жүрегіме қарашы сұнығына
Дамыл таппай алқынған асау жүрек
Іліндік құрығыңа.
Қайырмасы:
Еліктеді жанымды жанарың-ай
Қарағым-ай қимай қарадым-ай
Жалыныңа өртеніп барамын-ай
Сүйкімдісің ұқсайсың балапанға
Сені ойлаумен жетемін алатаңға
Дәл өзіңдей сұлуды періштедей
Жаратқан жаратар ма
Еркелігің ұнаған бар адамға
Көгершінім қонсаңшы алақанға
Жұлдыздардан берейін алқа тағып
Шығарып алатауға
Read more...