Главная » Доска объявлений » И-К-Қ |
В категории объявлений: 17 Показано объявлений: 11-17 |
Страницы: « 1 2 |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Көріп алып
жолығамыз өлмегенге
Өлмегенге не жетсін өлмегенге
Өмір деген осындай жаным менің
Қайтер едік өмірге келмегенге
Қайырмасы:
Қайтер едік өмірге келмегенге
Көнеміз ғой қайтеміз көңбегенде
Төземіз ғой қайтеміз төзбегенде
Көлден тамшы бұйырмас шөлдегенде
Неде болса
тәуекел тең көреміз
Әкел бері қайғыны тең бөлеміз
Бірімізге – біріміз дем берейік
Бір абраның астында дөңгелейік
Қақ
бөлейік қайғыны келісеміз
Алауында уынды тең ішеміз
Кезбе бақыт кездесіп қалса бізге
Тепе – теңғып біз үш тең бөлеміз
Жігіттердің әркез жүрер ойында
Бар сұлулық қалыптасқан бойына
Сымбатына көз тоймайды қайыңдай
Қыздарай
Жүздеріңнен
бірде шуақ шашырап
Көздеріңнен бірде тамшы тамшылап
Қоймайсыңдар жүректерді шымшылап
Қыздарай
Қайырмасы:
Қыздарай қандайсыңдар
Көңілді алдайсыңдар
Көздеріңе сыр тұнып
Дегенмен білу керек,жігітсіз кімге керек
Жүргендерің құлпыра,сезімнің еркелері
Недеген көркем едің,айдай әсем қыздарай
Қыздарай,қыздарай айдай әсем қыздарай
Қыз дегенің
өмір мәнін ашады,
Қыз дегенің көңілге сән қосады
Қыз дегенің махаббаттың ошағы,
Қыздарай
Гүлдей болып
жігіттерді еріткен
Гүлдерге ынтығасындар неліктен
Гүл берсек теңейсіңдер ерлікпен
Неліктен
Қыздарай
қандайсыңдар,жайнайсыңдар
Арайлы шуақ шашқан таңымдайсыңдар
Дегенмен білу керек,жігітсіз кімге керек
Жүргенднрің құлпыра,сезімнің еркелері
Недеген көркем едің,айдай әсем қыздарай
Қыздарай,қыздарай айдай әсем қыздарай
Күңіренген
күзде ұқсап тұрғандай бізге
Махаббаттың гүлі солып қалды ғой түзде
Ренжімеші күзге сен үмітіңді үзбе
Жүрегіңді тыңда шын бақытыңды ізде
Қайырмасы:
Жылама жаным кінәләмағын
Тағдырымның сені мұңды еткен
Жылама жаным атады таңын
Сеніңде келер бір көктемің
Өкпелейсің кімге қосылмас ай мен күнде
Мәңгі бірге болу жазылды дейсің кімге
Мен кетермін жырап тамшы мұң болып кұлып
Күзгі жаңбырменен келіп тұрармын бірақ
Сағынышым қонды алыс
Жүрек толы толғаныс
Өзгермейді өкенің
Өзгермейді болған іс
Талай рет сезінген қымбат болар өзіңнен
Ешкімім жоқ ешкімім
Көктем көңіл бүр жарғанда
Дауысыңды естідім
Кешіре алсаң бұл жалғанда
Кешір мені кеш күнім
Бақытым боп тұр ма едің
Мәңгі қатар жүрмедің
Сенсіз жерде қуанып
Сенсіз жерде күлмедім
Айналайын көзіңнен
Артық туған өзіңнен
Бір жан жоғын білмедім
Көктем көңіл бүр жарғанда
Дауысыңды естідім
Кешіре алсаң бұл жалғанда
Кешір мені кеш күнім
Көктем көңіл бүр жарғанда
Дауысыңды естідім
Кешіре алсаң бұл жалғанда
Кешір мені кеш күнім
Шықтым талай жолға алыс
Кьңілде көп толғаныс
Өзгергенмен тіршілік
Өзгермейді болған іс
Жүрдемесін жанымыз
Саған деген сағыныш
Қазір маған қорғаныш
Көктем көңіл бүр жарғанда
Дауысыңды естідім
Кешіре алсаң бұл жалғанда
Кешір мені кеш күнім
Көктем көңіл бүр жарғанда
Дауысыңды естідім
Кешіре алсаң бұл жалғанда
Кешір мені кеш күнім
Мен сені ақ таңнан
Ақ-ерке шақтардан
Сағынып іздеймін
Сарғайған бақтардан
Жан сырын ақтарған
Жапырақ ақ тардан
Сен жайлы сыр айтып
Тербейді тәтті арман
Қайырмасы:
Аяулы арманның ақ құс сөзі
Ақ ұлпақ қанатын қақты сезім
Сағынтып кел деген тәтті сөзің
Жаным менің
Жүректі жаралап жүз жылатқан
Өзіңді іздеймін күзгі бақтан
Қайда сол бал сезім біз ұнатқан
Жаным менің
Күн өтсе өзіңсіз
Жүректе сезімсіз
Куә боп тұрды ғаа
Түнгі аспан тек үнсіз
Көшеде қонар күз
Қоңыр күз көңілсіз
Көңілсіз шақтарда
Қалмашы сен үнсіз
Айналайын қарағым Алтыным-ай-ай
Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай-ай
Көрмегелі көп айдың жүзі болды-ай
Есен аман-жүрмісің жарқыным-ай-ай
Күміс құмған-ай, отта тұрған-ай
Айналайын көзіңнен ашып жұмған-ай
Бекзаттарым-ай жекжаттарым-ай
Жекжат болып ауылыңа кеп жатқаным-ай
Ай болмаса аспанда адасады-ай
Көтермесе көңілді кір басады-ай
Жақсылардың кеудесі алтын сандық-ай
Кілт болмаса сандықты кім ашады-ай
Күміс құмған-ай, отта тұрған-ай
Айналайын көзіңнен ашып жұмған-ай
Бекзаттарым-ай жекжаттарым-ай
Жекжат болып ауылыңа кеп жатқаным-ай
Ауылымның қонғаны белтұрғанда-ай
Қайын ағаш майысар жел тұрғанда-ай
Күн мен айын біреудің неғылайын-ай
Қарсы алдымда күлімдеп сен тұрғанда-ай
Күміс құмған-ай, отта тұрған-ай
Айналайын көзіңнен ашып жұмған-ай
Бекзаттарым-ай жекжаттарым-ай
Жекжат болып ауылыңа кеп жатқаным-ай
Ойының терең түбінен
Қай ақын маржан сүзбеген
Өмірдің басы даңғыл жол
Өмірдің соңы құз деген
Жастығың келер көктем боп
Қарттығың келер күзбенен
Адамның бәрі жолаушы
Сарылып бақыт іздеген
Алладан пәрмен келен күн
Қайтармыз бізде сол күні
Бабалар қайтқан ізбенен
Қыс келсе күтер жаз алдан
Пендеде бітпес әз арман
Құл сүйгіш алла ешкімді
Тыс қалтырмайды-ау назардан
Алланы зікір еткеннің
Жүрегі таттан тазарған
Бөленер хақтың нұрына
Оянған намазға азаннан
Ақыретке жауап дайында
Құтылмас ешкім ажалдан
Дүние ешкім әкетпес
Қызылда жасыл базардан
Тақуа талай даналар
Иманың жайлы сөз қылған
Адамның жауы ібіліс
Нәпсіңді елтіп қоздырған
Адалдығыңды кірлетіп
Адамдығыңды тоздырған
Иманың жалғыз жодасың
Қолыңды көкке создырған
Жаныңды нұрға бөлеген
Аттыңды жұртан оздырған
Бес күндік жалған тірлікте
Біріңді бірің бағалап
Қызғаныш отын жандырма
Қайтесің босқа табалап
Патшаға берсін тауфиық
Жұртыма берсін қанағат
Қыз ұлың ермей жаманат
Анамның туған тілімен
Бабамның ділі аманат
Пайғамбарға айтып салауат
Ислам жолын тұтынсаң
Ашылар жолың саған ақ
Мыңдаған ғалам иесі
Алланың жаусын рақымы
Сіздерге мәңші жамағат