Главная » Доска объявлений » Р-С-Т |
В категории объявлений: 17 Показано объявлений: 1-10 |
Страницы: 1 2 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Алдасаң да, арбасаң да
Қолдасаң да, қорғасаң да
Тым болмаса бір көрінші
Ақ періштем анда-санда
Сендей кімді ұнатайын
Тыңдағанды жылатайын
Тым болмаса бір көрінші
Жүрегімді жұбатайын
Таңғы елес, таңғы елес
Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес
Таңғы елес, таңғы елес
Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес
Қосамын әнге атыңды
Тосамын әр хатыңды
Сағындым алма бағын
Арайлы Алматымды
Сағындым аққу үнді
Сағындым ақ гүлімді
Алматым, сайладың сен
Шабытты шаттығымды
Еске алу Көктөбені
Жаныма от береді
Алғашқы махаббатқа
Куәгер - Көктерегі
Әкелген бар бағымды
Сағындым таңдарыңды
Алматым, сені ойлаумен
Жалғадым арманымды
Қалайды жаным жырды
Болмайды әнім мұңды
Пәк көңіл, ақ жүректі
Достарым сағындырды
Аспаны астананың
Сағындым жастар әнін
Сағындым шыңдарыңды
Алатау - асқаралым!
Ғашықпын жауыныңа
Талпынған тау ұлына
Сағынып жетем саған
Бас мені бауырыңа!
Аққудай коркем, қайдасын еркем,
Бір өзің деп мұңлы күй шертем.
Барымды білші,ұмытпай жүрші
Дидарыңды бір көрейн,
Сырымды айтып үлгерейн
Түсімде болсын, сен күлші
Қайырмасы:
Сағындым, сен едің нұры әнімнің, таңымның
Сағындым, болар тұмарым, лағыл мұң тағындым
Сағындым, жоғалтып алдым, жаңылдым, бағындым
Жаным сенбейді, әлі сенбейді
Қолжетпес шыңсың, жұлдызың жансын
Айлы тунде көзді ілместен,
Ешбір жанға сездірместен
Сен де мені сағынарсын
Read more...
Сағыныш сазы сен едің
Ғашықтың бірі мен едім
Армандай асыл ақ гүлім
Өзіңді аңсап келемін
Арманым неткен көп еді
Асудай, асу бел еді
Жанымда ұйықтап жатсаң да
Түсімде сені көремін
Қайырмасы:
Қысылып жаным, жүрегім күйіп
Жүре алмаспын жаным сені өзгеге қиып
Қарашы мағанкүлімдеп көзің
Жасыңды тиып, жасыңды тиып
Біреулер келер, біреулер кетер
Сонда жаным сен болмасаң қасымда егер
Нұр шашқан күндер, жұлдызды түндер
Бәрі де бекер
Көзіңнен ыстық жас тамар
Көрмейді бірақ басқалар
Таусылса жасың егер де
Су алар мәңгі жас жаным
Қыз көп болса да өмірде сұлу
Бермейді бірақ жүрекке жылу
Ал менің болса бар арманым
Өзіңді жаным бақытты қылу
Ұнатып ем жалғыз сені
Самалды жел кешінде
Саған деген махаббатым
Бір көргенде келді ме
Қайырмасы:
Сен менің бақытымсың
Іздеген өмірде
Көлде жүзген аққуымсың
Сұлулықты көздеген
Сенің сұлу көздеріңді
Ұмыта алмадым жаным
Күнә болса кешір мені
Кінәм ғашық болғаным
Нұрға толы асыл бейнең
Жанға жылу береді
Ақ ұлпадай ақша жүзді
Ойлай бергім келеді
Сен шоқ балсаң мен от болып наздаймын
Көктем болсаң жадыраған жаздаймын
Сен әрдайым бірге жүрсең жанымда
Бақ күні мол, шаттығы мол ас қайғы
Қайырмасы:
Гүлім болсаң самалың боп тербетем
Күнім болсаң шырқар көкке өрлетем
Сен болмасаң өзге жанға аяулым
Осыншама өз еркімді бермес ем
Бұлақ болсаң мен өзен боп шалқимын
Сұңқар болсаң қыраның боп қалқимын
Айым болсаң күнім болсаң қашанда
Ақ нұрыңа, пәк нұрыңа балқимын
Қайырмасы:
Гүлім болсаң самалың боп тербетем
Күнім болсаң шырқар көкке өрлетем
Сен болмасаң өзге жанға аяулым
Осыншама өз еркімді бермес ем
Бәрі де сен үшін, бақыттың кенісің
Осы әнім жаным, бағым сен үшін
Сен шың болсаң басындағы шынармын
Нәріңменен мәңгі көктеп тұрармын
Қамықпашы, жабықпашы мен десең
Ондай шақта бұлыңғырмын, мұнармын
Үнімен оның шыр еткен
Ашылды да, арайланып әлем есігі
Сезімдей туған жүректен
Тербетілді алтын айтар ұлдың бесігі
Қазақпыз ұлын батыр дер
Сүйіншісін жас сәбиге арнап жатыр ел
Қабыл боп елдің батасы
«Батыр бол» деп атын қойды оның атасы
Қайырмасы:
Бүгін сенің түған күнің балапаным, дәулетім
Өмір гүлім сені бүгін құттықтайды әулетің
Азамат бол асқақтатар азат елдің сәулетін
Намысты бол, табысты бол, жеңістің шаш
сәулесін
Байлығы күннің шуағы
Менің емес елімнің де болшы ұланы
Жеңістің шырқа жыр әнін
Көк байрақтың қалықтасын көкке қыраны
Арманды жалғаған ұлым
Әрқашан да Қызыр баба болсын жолдасың
Аппағым, айналайыным
Періштелер жебеп сені тәңір қолдасын
Жайнашы гүлім, ойнашы гүлім
Сандуғаштай сайрашы гүлім
Билеші бірге, сүймеші күнде
Жана ашылған тимеші гүлге
Қайырмасы:
Күлім көзімсің, шырын сезімсің
Гүлім өзіңсің менің еркем
Алдамайсың ба, арбамайсың ба
Басқа қызды таңдамайсың ба
Таңдағанымсың, арман әнімсің
Сағынғанда салған әнімсің
Сенсем бе екен-ай, көнсем бе екен-ай
Құшағыңа енсем ба екен-ай
Сертім жүрегім, бертім жүрегім
Жаулап алдың еркімді менің
Жаның атқандай, таңым атқандай
Тамылжыған табиғат қандай
Ойымыз бірге, кездесіп күнде
Болар ма екен тойымыз бірге
Дос боп қалайық, от боп жанайық
Кел бәріміз әнге салайық!
Сағындым асылым сені
Арманыма ғашығым менің
Құшақтай кеп сүйетін еді
Жастығымның жасырын желі
Қайырмасы:
Өмірімнің жырысың
Көңілімнің сырысың
Асылым менің
О-о-у, сен
Тағдырымның нұрысың
Таусылмайтын тынысым
Асылым менің
Табындырған сұлу көздерің
Жалын жырдан жылу сезгені
Жүрегімнің қалауы өзіңсің
Мүмкін емес сүю өзгені
Read more...
Мөлдіреген көздерің сенің
Үміттенген кездерім менің
Жанарымнан бір шоқ түскенін
Жүрегіңмен неге сезбедің
Қалдырдың сен арманда мені
Жандырдың сен жүрек сырымды
Қайырмасы:
Сен, сен, сен
Сүйем деген сөзің сенің
Таңғы самал сипап шашыңнан
Аймалаған алақаныңнан
Өңім бе, әлде түсім бе менің
Елес болып жадымда қалған
Қалдырдың сен арманда мені
Жандырдың сен жүрек сырымды