Главная » Доска объявлений » Р-С-Т |
В категории объявлений: 17 Показано объявлений: 11-17 |
Страницы: « 1 2 |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Бір көргеннен өзіңді
Баурап алдың сезімді
Түңгі ормандай тұңғиық көзің
Ашық мінез аруым
Ай нұрындай жарығым
Бір саған арнадым әнімді
Қайырмасы:
Жан сырымды бір өзіңе ғана
Ашылып айтайын, асыл айым
Сенен басқа түсінетін мені
Жан барма, жалғанда?
Сенен басқа, сенен
Асығамын өзіңе,
Айтшы маған, сездің бе?
Көңілімнің жылуын, жаным
Тағдырға да таласпай
Өтейікші өмірден
Жүрегіме жыр арнадың сен
Махаббат мәңгі көктем, әні дастан
Жалынды жүректерге тәңір қосқан
Аяулы арманымды аңсағанда
Көңілдің көгершіні алып ұшқан
Құралай көздеріңнен сыр ұққандай
Жанарың жүрегімді жылытқандай
Жарқ етсең жарты әлемге боламын мен
Есіміңді ұмытқандай
Қайырмасы:
Сүйдім сені еркем бағымсың ба?
Атыңды айтып жетер әнім шыңға
Аққуын айдын-көлі қарсы алғандай
Көрген жан тілге келмей тамсанғандай
Сен жүрсең бақта қайың билегендей
Сен күлсең бақта құстар ән салғандай
Таң күліп алма жүзің арайланған
Мәңгілік бақытына балайды арман
Күн шықса Алатаудан мен деп ойла
Көз алмай еркем қарай қалған
Тыңдадым дауысыңды бұлақтардан
Шыңдарың болып жетпес қуатты арман
Еліткен еліктейін еркелігің
Әніңдей қайталанбас ұнап қалған
Білмеймін қайта айналып келесің бе?
Әйтеуір өзің ғана елесімде
Бір болса тілегіміз, жүрегіміз
Бақытым сол елесіңде
Сен келерсің
бір күні
Маған қымбат сый қылып
Жер бетінде күлкіні
Жанарыңа сыйдырып
Таң да арайлы атқанда
Бәлкім түсте, кешқұрым
Оттай жанған шақтарда
Құштарлықты кеш күнім.
Қайырмасы:
Сағынышым сенгісіз,
Шала шабыт жыр түрі.
Қайдан, қашан белгісіз,
Сен келерсің бір күні.
Қайдан, қашан белгісіз,
Сен келерсің бір күні.
Сен келерсің бір күні...
Сенсіз
жалғыз жабықтым,
Бақыт жүзін жасырып.
Түндер есік қағып тұр,
Жұлдыздары шашылып.
Арманға асық ғаламда,
Үміт алдай қарады.
Саған ғашық санамда,
Сәуле қалмай барады
Таныстым бір
өзіңмен
Туған күн кешінде
Сол күннен бастап мен бір
Ғашықпын бір өзіңе
Қайырмасы:
Не дейін жаным саған,
Жүрекке жара салған
Тек қана айтарым сол
Сүйгенім бақытты бол
Арманым алып
ұшқан
Көгершін секілдеді
Мұңайып сағыныштан
Өмірім өтуде енді
Сол бір ғашық күндер
Өзіңді ойлауменен
Ұйқысыз жатқан түнде Read more...
Ең аяулы арманым, айды құшар бар ма күн?
Басқа бақыт алмадым, аңсап бірге таңдарым
Ең сүйікті ардағым, бұдан артық бар ма әнім,
Өзің ғана арманым, өзің білші қалғанын
Сен - деп соққан жүрегім
Сен - соққанда жүремін
Сенсіз қалай күлемін
Сенсіз қалай жүремін
Жүрегімде гүл едің
Гүлдер ма екен жүрегім
Көңілімде жыр едің
Көктем шуақ нұр едің
Read more...
Махаббаттың құдірет күші әлдилеп
Екі жастың табыстырған жүрегін
Жастық жалын, асыл арман, ақ ниет
Бақыт сыйлап ұсыныпты гүлдерін
Қайырмасы:
Той үстінде тәтті күнде, тәтті күнде
Жас жұбайлар шат күліңдер, шат күліңдер
Ән салайық би билейік, би билейік
Шарықтасын шаттық үндер, шаттық үндер
Бірге аттанып болашаққа, өмірге
Тікті бүгін ортамызға отауын
Қуаныш пен шаттық орнап көңілге
Тойламаққа келді бүгін көп қауым
Қайырмасы:
Жас шаңырақ болсын бақыт бесігі
Жас жұбайлар құтты болсын тойларың
Кең ашылсын болашақтың есігі
Орындалсын арман, тілек, ойларың
Жеталмай саған тіл ғатып
Жүректің мұңын тыңдатып
Сағыныш болып кеудемнің
Таба алмай емін бұл уақыт
Өртенген сезім бойымда
Қанымды қызу тулатып
Жаныңнан бір сәт табылсам
Мен үшін солда бір бақыт
Жанымды тербеп балдай мұң
Әнімді саған арнаймын
Жалт еткен жарық жалғанда
Сен үшін жаралғандаймын
Құс болып ұшып самғаймын
Іздеуден сені талмаймын
Мүлт еткен мөлдір ғаламда
Сен үшін жаралғандаймын
Теңіздей тулап тамырым
Таусылды төзім сабарым
Жанымды менің шөлдетпей
Нұрыңды төкші жарығым
Жабырқап жүрген көңілді
Жазатын сенсің дәруім
Сүйумен өтсең өмірден
Арманым бар ма аруым
Сырғумен өтер сағым жыл
Оралмас қайта шағың бұл
Жылуын аңсап сезімнің
Жаураған менің жаным жүр
Еліктей сұлу бейнеңмен
Еріксіз мені бағындыр
Сарғайтып менің жанымды
Сағындыр сәулем сағындыр