Title 1

Title 2

Title 3

Title 4

артқа алға
Главная » Доска объявлений » Р-С-Т

Сен үшін жаралғандаймын - Мейрамбек Бесбаев
18.01.2011, 22:29
Жеталмай саған тіл ғатып
Жүректің мұңын тыңдатып
Сағыныш болып кеудемнің
Таба алмай емін бұл уақыт
Өртенген сезім бойымда
Қанымды қызу тулатып
Жаныңнан бір сәт табылсам
Мен үшін солда бір бақыт

Жанымды тербеп балдай мұң
Әнімді саған арнаймын
Жалт еткен жарық жалғанда
Сен үшін жаралғандаймын
Құс болып ұшып самғаймын
Іздеуден сені талмаймын
Мүлт еткен мөлдір ғаламда
Сен үшін жаралғандаймын

Теңіздей тулап тамырым
Таусылды төзім сабарым
Жанымды менің шөлдетпей
Нұрыңды төкші жарығым
Жабырқап жүрген көңілді
Жазатын сенсің дәруім
Сүйумен өтсең өмірден
Арманым бар ма аруым

Сырғумен өтер сағым жыл
Оралмас қайта шағың бұл
Жылуын аңсап сезімнің
Жаураған менің жаным жүр
Еліктей сұлу бейнеңмен
Еріксіз мені бағындыр
Сарғайтып менің жанымды
Сағындыр сәулем сағындыр
Добавил: Rika |
Просмотров: 734 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]