Главная » Доска объявлений » Б-В |
В категории объявлений: 6 Показано объявлений: 1-6 |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Балғын-дәурен, балауса кезің қандай
Гүл бағында балқиды сезім балдай
Құрбым осы бақытты сезіне алмай
Кейін алып жүрмейік кезіге алмай
Қайырмасы:
Жүрегімде махаббат ән тербетер
Бағалайық бақытты жан тербетер
Мұңға батып қалмасын көңіл бекер
Оралмайды жан-құрбым - өмір өтер
Ешкім бізге аяулым бал ашпайды
Қалауына жүректің таласпайды
Жүрек үнін тыңдаған адаспайды
Ешкімге де жалғыздық жараспайды
Арманның мекені, алыстап кетеді
Жастығың өтеді қас-қағымда
Бағың бір таймасын, көңілің сайрасын
Өмірің жайнасын жас шағыңда
Біз тұрдық жол үстінде
Жанымыз толы мұңға
Тағдырдың білмеппіз-ау
Жазбасын жолығуға
Жолыңды тосып күнде
Тұрушы ем гүлдеріммен
Алыстап кете бардың
Зулаған күндеріңмен
Қайырмасы:
Бақытты бол, берілмей қайғы мұңға
Бақытты бол, махаббат айдынында
Бақытты бол, аққулы көліңдеймін
Көз алдымнан кетпейді-ау сенің бейнең
Мұңдатқан таңдағы күз
Сарғайған солқын гүлдер
Бірге атқан таңдарымыз
Қайдасың сол бір күндер
Тірегі тілегімнің
Ән бе еді көркем үнің
Қалауы жүрегімнің
Мәңгі еді ерке күнің
Қайырмасы:
Бақытты бол, берілмей қайғы мұңға
Бақытты бол, махаббат айдынында
Бақытты бол, аққулы көліңдеймін
Көз алдымнан кетпейді-ау сенің бейнең
Күндер, күндер мұңайып атты
Сол бір, мөлдір сұрайық сәтті
Күндер, күндер жадырап атшы
Сол бір, мөлдір кездер-ай тәтті
Қайырмасы:
Жаным сағынып сен де
Жаным сағынып мен де
Бір күн өтер өмірде
Құстар, құстар тағы да келді
Уақыт, сырғып ағыла берді
Жалғыз, жалғыз жазықсыз жүрек
Сен де шөлдеп сағына бердің
Қайырмасы:
Жаным сағынып сен де
Жаным сағынып мен де
Бір күн өтер өмірде
Жыламашы шырағым, күңіренген қобыздың
Бұрамашы құлағын, ұмыт болып мына күн
Сейіледі мұнарым, жыламашы шырағым
Шашыратып шуағын, мен білемін мына күн
Шұғыламен тынарын
Қайырмасы:
Шаттық пенен қуаныш
Өкініш пен мұң-қайғы
Өмір-бақи тұрмайды
Алма кезек зулайды
Жыла жаным жылай бер
Менде мәңгі тұрмаймын
Зарыңды кім тыңдайды
Ертең келіп басқа жан
Бақытыңды жырлайды
Аттанады мына күн, ашылады аспаным
Шашылады аспанда сенің жауын жастарың
Сонау алыс асқарға асылады шашбауың
Шашырайды басқа нұр, қосылады бастарың
Жігіт болып
өр көңіл, асау міндік астық шың
Ерке қалқам сенде бір алыс қалған жастықсың
Қайырмасы:
Бұлдырап аққан мұнардай
Бұрыла қарап тұра алмай
Созсам қолым жетпейді
Шыңға біткен шынардай
Ла-ла, ла, ла, Ла-ла, ла, ла
Шыңға біткен шынардай
Бірге өстік
сыйластық, сезім шоғын кешіп ек
Өзіңде кетті қимастық, сен деп кетті есіл-дерт
Айнала дос,
құрбыңнан асып туған тым артық
Қанша жігіт жырлаған, ғашық болып, құмартып
Көзіңде түпсіз тұңғиық
Тұрғандай тұнып түн үйі
Өртедің өзің жүректі
Қол жетпес арман шын биік
Қалдым ба сені шын сүйіп
Жарқырап жайнашы жұлдызымдай
Менің жаным-ау
Сайрашы бұлбұлымдай менің жаным
Жадырап жаз гүліндей күлімдесеңші
Балауса арналады саған әнім
Алаңсыз жүрген кезімде
Жалт етті сәуле көзімде
Ғашық боп жаным өзіңе
Бөлендім нәзік сезімге
Таусылды менде төзім де
Read more...