Главная » Доска объявлений » Л-М-Н |
В категории объявлений: 5 Показано объявлений: 1-5 |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Төніп тұрса төбемде күн,
Демің бе деп елеңдедім.
Қою түндей қара көздің,
Мұң шықтарын сен емдедің.
Бәлкім, сен де ойлайсың ба?
Тұнық сырға бойлайсың ба?
Айдан жолдап сәлеміңді,
Бір серпілтіп қоймайсың ба?
Қайырмасы:
Тыныштық бер жүрегіме,
Құлақ аспа тілегіме.
Сезім шоқты тығып қойғам,
Жұмыр жердің жүрегіне.
Күліп келем, күлкім емес,
Тек әйтеуір сылқым елес.
Сені ойдан арылтпақпын,
Бірақ, әттең, мүмкін емес…
Ару айдың қанатынан,
Тұман мұңдар таратылған.
Сәулем менің қайда жүрсің,
Қарша бұлттан жаратылған?
Самал желмен тербейсің бе?
Ыстық күнмен емдейсің бе?
Сені іздеумен тұншығамын,
Желге мініп келмейсің бе?
Жаз күніндей назың қайда
Неге жаным мұңайдың
Мен сүйетін әнің қайда
Жадыратшы шырайлым
Қайырмасы:
Жаралғандай сағыныштан
Қайда сенің жақсы әнің
Жүрегімді жарып ұшқан
Дайысыңды аңсадым
Көрмегелі айлар өтті
Жұлдыз бардым, ай бардым
Ерке назың қайда кеткен
Қабағыңнан айналдым
Жаз күніндей назың қайда
Неге жаным мұңайдың
Мен сүйетін әнің қайда
Жадыратшы шырайлым
Мұң шалса қабағыңды
Мен түгіл дала мұңды
Сен әлі тәп-тәттісің
Арманым бала күнгі
Білсең де сезбеуші едің
Жанымның өртенгенін
Қоятын жіпсіз байлап
Не деген көркем едің
Елікті еркем менің
Не деген көркем едің
Сыр толы жанарыңды
Сағынып хабарыңды
Жүрегім күтүде әлі
Жырыма жауабыңды
Өзіңе қош арай күн
Бір ғажап ертегі еді
Ешкімге ұқсамайтын
Не деген көркем едің
Елікті еркем менің
Не деген көркем едің
Ойыма оралғанда
Бақыт кеп қол алғандай
Сұлулық әлемдегі
Өзіңнен нәр алғандай
Мәңгіге кеттің бе екен
Сырымды шерте менің
Бағыңа жеттің бе екен
Елікті еркем менің
Елікті еркем менің
Не деген көркем едің
Жаз күніндей
назың қайда
Неге жаным мұңайдың
Мен сүйетін әнің қайда
Жадыратшы шырайлым
Қайырмасы:
Жаралғандай сағыныштан
Қайда сенің жақсы әнің
Жүрегімді жарып ұшқан
Дайысыңды аңсадым
Көрмегелі
айлар өтті
Жұлдыз бардым, ай бардым
Ерке назың қайда кеткен
Қабағыңнан айналдым
Күндер
армысың шырқар ән құсым
Думанды ғажап сәтті күн
Толқып жүрегім ойнап күлемін
Теңіздей шалқып шаттығым
Жаздай
жайнаған нұрлы айналам
Көктемдей жанды баураған таңқап көркіңе
Желдей желпінем
Ақындар жырын арнаған
Қайырмасы:
Мерекем жанға жайлы шуағым
Шаттықтың алаулай бер шырағы
Көгімде ақ тілек қыраны қалықтап тұрады
Күттім
сағына, келдің тағыда
Мерейлі менің мерекем
Елім халқыма,дәстүр салтыма
Сыйларың сенің көп екен
Асқар
арманға, мейрамнан мейрамға
Жете берейік бәріміз
Нұрлы күндерге мақпал түндерге
Болмайық куә тағы біз