Главная » Доска объявлений » У-Ү-Ұ |
В категории объявлений: 2 Показано объявлений: 1-2 |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Таңданамын тамаша сымбатыңа,
Барма амалым жүрегім сырға тұна.
Ұсынамын қолымды қиялымда,
Қысыламын көргенде тіл қатуға.
Шын сүйемде, өзгеден шын қызғанам
Дүниеде саған тең жұлдыз барма?
Жоқ амалыл көрдімде тағы бүгін,
Өте бардың жанымнан үнсіз ғана.
Қайырмасы:
Үнсіз жүрек, үнсіз кеуде,
Өтіп жатты үнсіз түндер.
Тура қарап айтшы маған,
Барма бақыт бұл өмірде?
Көзіңде арман елес, нұрсыз шуақ,
Сезімде болған емес мұңсыз сынақ.
Күрсінемін өзіңсіз түндерде ұзақ,
Шын сүйемін тегінсіз, тілсіз бірақ.
Бақ іздеп кезіп жүріп араладым,
Сан іздеп өзім бірақ таба алмадым.
Жалғанда барма бақыт жоқпа өзі?
Сен маған айтшы үнсіз махаббатым.
Ұнатып ем жалғыз сені
Мөлдір қара көзіңді
Ұнатып ем жанға бермес
Сұлу нәзік сезімді
Қайырмасы:
Ару қандай болар едік
Арманымдай аңсған
Аққу қандай болар едік
Арманым, арманым
Айтқан сөзің оқ сияқты
Жүрекке түскен шоқ сияқты
Бірақ маған сенсіз өмір жоқ сияқты
Кеттің қайда тастап мені
Іздедім-ғой мен сені
Айтшы жаным, жазшы маған
Сүйемін деп мен сені