Главная » Доска объявлений » Д-Е |
В категории объявлений: 8 Показано объявлений: 1-8 |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Түннің қай уақ болғанын да кім білген,
Сөніп жатты жұлдыз біткен бір-бірден.
Сөніп жатты үмітімдей бәрі де,
Жаным ысып, жалын құшып тұрдым мен.
Екі жұлдыз - екі бақыт көктегі,
Төбемізде тұрып алды, кетпеді.
Бар аспаннан екі жұлдыз көрдік біз,
Біздер де екеу едік,өйткені.
Үнсіз ғана, бізге, жаным, еленбей,
Уақыт, шіркін, өте берді бөгелмей.
Екі жұлдыз тұрды аспанның жүзінде,
«Екеуіңді қимай тұрмыз» дегендей.
Қайырмасы:
Төбемізде тұрып алды, кетпеді.
Бар аспаннан екі жұлдыз көрдік біз,
Біздер де екеу едік, өйткені.
Өз жолынан жаңылмайтын мәңгілік,
Келе жатты көкжиектен таң күліп.
Екі жұлдыз сөне берді ақырын,
Көкірегімде ақ сәулесін қалдырып
Read more...
Жаным-ау бағың жанды ма?
Сағыныш болып күн сайын,
Келесің көздің алдына.
Екі жаққа екеуміз,
Кетерміз енді не етерміз.
Бақытқа бәлкім жетерміз,
Өкініп мүмкін өтерміз.
Айналған бұлдыр елеске,
Біздің махаббат емес пе,
Сезімнің сұлу сырларын,
Сақта мәңгі сен есте.
Қайырмасы:
Есте сақта бір жүрген бақтарды,
Есте сақта сол ғажап шақтарды,
Есте сақта екеуміз көз ілмей,
Армандап қарсы алатын ақ таңды.
Есте сақта мен жазған хаттарды,
Есте сақта мен салған тәтті әнді
Енді сені сол ғана тербейді
Өзгесі оралып келмейді.
Бола алмасаң да жан жарым,
Сен жүрегіңе алма мұң
Кешегі келмес күндерді,
Есіңе сақтап қал жаным.
Орала алмайсың білем мен,
Бақытың өзге біреумен.
Сонда да өмір сүрем мен
Өзіңе бақыт тілеумен.
Айналған бұлдыр елеске,
Біздің махаббат емес пе,
Сезімнің сұлу сырларын,
Сақта мәңгі сен есте
Есіл ағады, Есіл ағады,
Ақ бұйра толқын жарды ұрып.
Есіл аққанда есіп ағады,
Жағада жартас жаңғырып.
Есіл ағады, Есіл ағады,
Мағжанның жүйрік жырындай.
Мені де бір қыз есіне алады,
Тарқатып өрген бұрымды-ай.
Сырбазым, сыңғыр-сыңғыр етеді,
Сұлулар таққан сырғадай.
Түрілген сонау түннің етегі,
Ұйқымды қайтсын, ұрламай.
Есіл ағады, Есіл ағады,
Есіл ағады – ерке өзен.
Көңілге мәңгі көшіп алады,
Аққудай арлы сол кезең.
Есінің толқын несін алады,
Аймалап ай-күн, жарып құз.
Есіл ағады, Есіл ағады,
Есіл ағады, жарықты.
Ақ маңдай құрбым,
Мақпалдай құрбым
Сағындым Саулем-ай
Ақ таңдай нұрлым,
Тапқандай жүрмін,
Бағымды Саулем-ай
Өрілген бурым,
Төгілген нурым,
Ақ ерке Саулем-ай
Өзіңсің гүлім,
Ән менен жырым
Жан ерке Саулем-ай
Қайырмасы:
мінезі балдай
Сырғалы Саулем-ай,
Бұл өмір қандай,
бір белгі қалмай
Өтеді даурен-ай,
Жайнаған жаздай,
көңілді қоздай
Барасың Саулем-ай
Аққу мен қаздай,
жұбымды жазбай
Өтер ме даурен-ай
Балдырған шақтан,
Таң кылған тәтті ән,
Қалдырған Саулем-ай
Бал даусың мақтан,
Бау-бақша жақтан,
Жанғырған Саулем-ай
Бір журген кезім,
Бір нәзік сезім,
Жандырған Саулем-ай
Күлімдеп көзің,
Шығар ма ең озін?
Алдымнан Саулем-ай
Read more...
Достарым ақ жүректі қарсалып таңғы лепті
Жарасып өздеріңмен сан жыл өтті
Көңілім алып ұшып тәтті өмір балын ішіп
Кездесем өздеріңмен сағынысып
Кездесем өздеріңмен сағынысып
Қайырмасы:
Достармен жаным бір деп
Достармен бағым гүл деп
Жан-жүрегім ән салады
Сендерді сағындым деп
Көздер-ай нұр жайнаған
Кездер-ай бірге ойнаған
Достар барда шуақ шашқан
Шырайлы күндей болам
Достармен мәңгі бірмін сендерсің ән жырымның
Куәсі баллық шақ бал ғұмырдың
Көзіңнен күн көрінген сыйласар шын көңілмен
Достарды аялайық бірге жүрген
Достарды аялайық бірге жүрген
Мариям Жагор
деген орыс қызы
Он алты, он жетіге - келген кезі
Қазаққа Дудар деген ғышақ болып
Сондағы Мариямның айтқан сөзі
Қайырмасы:
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!
Дудар-ай, ақ
боз атты жемдедің бе
Жеріңе уағда айтқан келмедің бе?
Жеріңе уағда айтқан келмей қалып
Мариям заты орыс деп сенбедің бе?
Ащыкөл,
Тұщыкөлдің арасы бір
Басыңа камшат бөрік жарасып жүр
Дадур-ай, келер болсаң тезірек кел
Орныңа өңкей жаман таласып жүр
Қолында
Мариямның өткір қайшы
Қағазға Мариям аты жазылсайшы
Қор болып бір жаманға кеткенімше
Алдымнан қазулы көр табылсайшы!
Бас қосты достар бүгін
Гүлдердің жапырағындай
Жайнап тұр ақ дастархан
Алып-ұшып көңіл шіркін жанғандай
Қайырмасы:
Көтерейік кәне дастар
Махаббат үшін
Үзілген, сөнген бір өмір
Қайта жалғансын
Көтерейік кәне достар
Мол бақыт үшін
Осы күнге жете алмаған
Жан достар үшін
Жастық шақ гүл ашқан ба?
Ағаштар жайқалатын
Жүзінде жылы шуақ
Қуанышпен оятайық ақ таңды
Аймалап таң самалы
Көңілім ән салады
Қуанып дос жүрегі
Жақсылықта жолығайық тек мәңгі
Read more...Көктемгі айым дейін сені
Көктемгі қайың дейін сені
Көзден ұшып жарықта жүрсең
Шамшырағым, күнім дейін сені
Әнші бағым, гүлім дейін сені
Өзіңмен бір жумаққа кірсем
(Қ-сы)
Келші бағыңа
Әлдеқайда ұшпай, келші жаным
Қоншы қолыма арман аппақ
Құстай, қоншы, жаным
Келші бағыңа
Қоншы қолыма
Келші жаныма, кел
Сағынғанда саялайын сені
Аққуымдай аялайын сені
Айдыныңда қалықта, жаным
Бала қаздай мәпелейін сені
Жаңа өмірге жетелейін сені
Жаныма кел, жабықпа, жаным
(Қ-сы)
Аппақ таңдай тілегім де өзің
Алатаудай тірегім де өзің
Жер бетінде қатар жүргенде
Қол ұстасып бірге күн кешейік
Қол ұстасып бірге үндесейік
Атар таңға, батар күндерге