Главная » Доска объявлений » А-Ә |
В категории объявлений: 46 Показано объявлений: 1-10 |
Страницы: 1 2 3 4 5 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Өтті күндер жыракта
Жауап таппай сұраққа
Келем десем
Күтер ме екен аруым
Гул жайнаган көктемде
Бірге шықсам көк белге
Ерке назың бітер ме екен аруым
Қайырмасы:
Аяулы салған әнім
Амалым бар ма жаным
Арман боп қалған әнім
Тамшы тамған жас талдан
Айлы түнде басталған
Би кешінде бір кеткенбіз аруым
Жауқазындай жасқанған
Үзіндідей дастаннан
Даладағы гүл көктемі аруым
Read more...
Жас едім өмірге еркін бойламаған
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсем
Дағы қанат қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда маған
Шарықтап кетсем
Дағы қанат қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда маған
Жан әке, шертіп сезіп
Домбырасын
Кеудемді қуанышқа толтырасың
Арманның асқарына құлаш ұрсам
Алдымда асқар тау боп
Сен тұрасың
Арманның асқарына құлаш ұрсам
Алдымда асқар тау боп
Сен тұрасың
Бұл күнде мен де
Өзеннің арнасымын
Кім мөлдір болса
соның жолдасымын
Қуан сен, қуана бер, әкетайым
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
Қуан сен, қуана бер, әкетайым
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
Білмеймін, Ақтөбе ме, Ақмола ма,
Бір сұлу маған бір күн тап бола ма?
Қыз таңдап ел қыдырып жүргенімде,
Шынымен, маған солай бақ қона ма?
Айсұлу әлде Нұрсұлу,
Жансұлу әлде Күнсұлу.
Атын білмей қор болдым.
Әйтеуір, сол қыз – бір сұлу.
Білмеймін, диқан ба екен, малшы ма екен,
Әлде бір алма мойын әнші ме екен.
Тапқанша сол сұлуды, кең Арқаның
Аралап барлық жолын таусып өтем.
Айсұлу әлде Нұрсұлу,
Жансұлу әлде Күнсұлу.
Атын білмей қор болдым.
Әйтеуір, сол қыз – бір сұлу.
Білмеймін, аққұба ма, қара ма екен,
Мейірім бір көргенде қана ма екен?
Ел кезіп, аудан қоймай жүргенімде,
Япыр-ай, қай ауылдан табар екем?
Айсұлу әлде Нұрсұлу,
Жансұлу әлде Күнсұлу.
Атын білмей қор болдым.
Әйтеуір, сол қыз – бір сұлу
Жол – жетелейді арман мен мұраттарға,
Жол – жауап жоқ алады сұрақтарға.
Сен адастырма, арманым, жол бастаған,
Үйреттің өмір сырын алғаш маған.
Сен – қиялы құсым сапарға алып ұшқан,
Сен – арман ару, жаралған сағыныштан.
Сен – жас дәуренім, жүзіндей ақ алмастың,
Мөп-мөлдір кәусарыңа қана алмаспын.
Сен – арман-қиял, жетелеп жас күнімді.
Сен – ұрлап алып кетпеші жастығымды.
Сен – қол жетпейтін тұратын сағымнансың,
Жолдарда жүріп өткен әнім қалсын.
Өзің едің тірегім де
Жыр боп тұндың жүрегімде
Мені сендей түсінетін
Кім бар екен бұл өмірде
Қайырмасы:
Жарқын құшақ жайған айым
Ниетіңе сай болайын
Мені сүйген жүрегіңнің
Лүпілінен айналайын
Әнің әнге жалғассын деп
Келеді арман алға сүйреп
Менің кемем өрге жүзсе
Сен қуандың алғашқы рет
Саған мәңгі борыштармын
Көңіліме қоныстандың
Азаматтың ажарына
Мақтау айтсам намыстандың
Арман-ай тым алысқа әкеттің-ау сен мені
Қайғы ма, қуаныш па, әуре боп жүрмін бе әлде?
Өзіңсің көңіл жықпас жұбанышым әзіргі
Армандар орындалар ма екен-ау өмірде?
Қайырмасы:
Өзіңсің мәңгі серік қасыма алған
Қайда бастап барасың сен ғашықпын саған
Әуре еткен жеткізбейтін жүрек едің қалай жетем
Көңілім сірә менің басылар ма екен?
Ақ арман аялдама алысқа биік самға
Серт еттім сол биікте сенімен табыспаққа
Апарсаң – сонда апар, кел шық та мені жарға
Іздеген үмітімнен мені алыстатпа
Өзіңсің мәңгі серік қасыма алған
Қайда бастап барасың сен ғашықпын саған
Жетеле тек мені алға – бақытқа
Адастырма арманым
Ақ босаға аттады, ашылды гүл бақтары
Іздеп жүріп бақыт қандай бірін-бірі тапқаны
Қос өзен боп аққаны бақытты бұл шақтары
Күн нұрындай төгіледі махаббаттың шуағы
Шырайлы шырағы, тек мәңгі...
Қайырмасы:
Болыңдаршы бақытты, арнадым ақ тілекті
Айрылмас қос аққулардай жол болсын құтты
Махаббаттың көлінде, тойдың бүгін төрінде
Бақыт қонсын өмірде
Жиналған жұрт, ағайын шырқап әнге салайын
Екі жасқа әнді арнап, жақындап мен барайын
Бақыттарың бүгінгі, аялаңдар гүліңді
Құтты болсын бүгінгі екі жастың тойлары
Сезімін неткен ыстық балаң аты
Төрт бөліп түн ұйқынды қарағансын
Қаншама азап шектин сәби ушін
Мен саған қарыздармын жан анашым
Іздесек сендей жанды табамызба
Қартайсан сәби дей ғып бағамызда
Серік боп өмир бойы анамызға
Күлімдеп жүрші әкешим арамызда
Қайырмасы:
Сәл ғана жүрсем алыс жырақтарда
Сағынам екеуіңді бір аптада
Арманым одан артық жок дер едім
Бір болсам өздеріңмен жұмақтада
Әкешім жол сілтейтін ақылшымсың
Анашым ұл қыз таптың батырсыншы
Құрметтеп өздеріңді сыйламасам
Өмірде перзент деген атым құрсын
Ақ қайыңға мен барамын күн батқан кезде
Қараймын мен, жалтаңдаймын өткен жандарға
Қайырмасы:
Бірақ мені сен көрмедің, төмен қарап өте бердің
Ақ қайыңға сырымды айтып, мен қала бердім
Мен отырмын тал астында бір сені күтіп
Келдің де сен тағы кеттің тоқтамай өтіп
Қайырмасы:
Бірақ мені сен көрмедің, төмен қарап өте бердің
Ақ қайыңға сырымды айтып, мен қала бердім
Өртенген сезімді
Қалайша өшірем?
Балалық кезімді
Қалайша кешірем?
Қайырмасы:
Алғашқы махаббат
Жүректі тербейді
Мәңгілік бақ құсым
Қоштасқым келмейді
Өмірдің пәктігін
Жаныма сыйлаған
Кештерді қайтейін
Кетуге қимаған
Айтпаған әнімді
Кімге мен арнаймын
Үмітім үзілсе
Қайтып мен жалғаймын